Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейі филиалы халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өлкеміздің өткені мен бүгінін жалғап отырғанмәдени ошақтардың бірі.
Қазақстан мәдениет министрлігінің 1992 жыл 2 мамырдағы №144 қаулысымен Жаңақорған аудандықтарихи-өлкетану музейі құрылды. Алғашқы көрмесі 1997жылы аудандық мәдениетүйінің екінші қабатындаашылды. 2005 жылдың 30 маусымында музей үйі аудан орталығындағы 1905 жылы салынған бұрыңғы орыс-қазақ қыш мектебі ғимаратының 4 бөлмесіне жаңа үлгідегі экспозициялық жұмыстармен жабдықталып, орналасты. 2022 жылы
Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейі филиалының экспозициялық залдарына реэкспозициялық қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Музей экспозициясында табиғаты мен археологиялық ескерткіштері жөнінде оның ішінде Жаңақорған өңіріндегі қола дәуіріне жататын Қаратау қатпарларындағыБесарық, Сауысқандықпетроглифтері, сондай-ақ кейінгі қола дәуірімен (б.з.д. ІХ-ҮІІІ ғғ) мерзімделетін ескерткіштерге: Күйкентай петроглифтері, Арқарбұлақ петроглифтері, Қарасүйір, Нұрмаханбұлақ, Қаратас петроглифтері, Қоспа, Нарыбай, Табылдыбұлақ петроглифтері сақталған.
Ерте темір дәуірімен мерзімделетін (б.з.д.ҮІІ-ҮІ ғғ.) ескерткіштер қатарында – Үсенбай обалар қорымы, Қызылсеңгір, Қызылбұлақ, Балаәулие, Бүркітті, Есекбел, Жалғызағаш,Күйікті, Қостөбе обаларқорымы және де Жаңақорған обалар қорымы белгілі. Жаңақорған обалы қорымына жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары барысында обаның сыртқы пішініне, көрдің қазылу тәсілі мен пішініне және табылған аздаған олжаларға қарап, оның (жерленген мәйіттің) осы кезеңде өңірді мекендеген сырдариялық сақ екені анықталған. Табылған заттай материалдардың басым бөлігін киімді әшекелеуге және өрнектеуге арналған алтыннан жасалған жіп бөліктері, шеге, қапсырмалар құрайды.
Ортағасырлармен мерзімделетін ескерткіштерге Қазақстандағы ортағасырлық ірі қалалардың бірі – Сығанақ қалашығы (Х-ХҮІІІғғ) кезінде үш хандықтың бас қаласы болған, атап айтқанда Қыпшақ хандығының, қазақ халқының басын құраған Ақ Орданың және Қазақ хандығының астанасы болды. Экспозицияда Сығанақ қаласында соғылған және сол кезеңде сауда қатынасында жүрген теңгелер, қала орнынантабылған керамикалық ыдыс сынықтарының фрагменттері, хум,құмыра, өрнектелген қаптамалар қойылған. Келесі залдарда өңірдің этнографиясы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аудан тарихы, соғыстан кейінгі жылдардағы ауданның ауыл шаруашылығының дамуы, мәдениет және өнер майталмандары, Жаңақорған өңірінен қазақ әдебиетіне, ғылымына үлесін қосқан ғалымдар мен әдебиетшілер, тәуелсіздік жылдарындағы ауданның өсіп-өркендендеуі жөнінде мәліметтер қамтылған.