Қызылорда облысындағы Арал теңізі балық шаруашылығының дамуы
тарихынан мол мәлімет беретін музейлердің бірі «Балықшылар» музейі бөлімі. «Шарткен -Ата» қоғамдық бірлестігі Президенті Қ.Саржановтың ұсынысымен бір қабатты балықшылар музей ғимараты 2012 жылдың 1 шілдесінде ресми түрде ашылды.
Балықшылар музейіне реставрация және реэкспозиция жұмыстары 2021 жылы жүргізілді.
Музей ғимаратына 5х25 метр болатын «Лев Берг» кемесі жалғасып,
ауласында өткен ғасырдағы балықшылардың үш кемесі жәдігер ретінде тұр және «Ашық аспан астындағы музей көрмесі» ұйымдастырылған.
Қазіргі таңда музей қорында 2000 экспонат жинақталған көрермендерге «Балықшылар » және «Кемелер » залы көрсетіледі.
Экспозициялық қатардан Социалистік еңбек ерлері,мемлекеттік лауреат атағына ие балықшылардың және қоғам қайраткерлерінің портреттері мен қатар Арал балықшыларының өмірінен сыр шертер тарихи суреттер мен Арал теңізі тақырыбында салынған бояқтар ілінген.
Сонымен қатар,өткен дәуірді көз алдына әкелу мақсатында жасалған Арал теңізі тақырыбында деректі фильмдерді бейне проектор арқылы тамашалау және көрерменнің басқаруымен жүзеге асырылатын теңіз кемесінің заманауи жүзу процесі,балықшылардың және кеме капитандарының құрал -жабдықтары орын алып тұтас бір дәуірді бейнелейді.
Музей қызметінің негізгі мақсаты - Арал теңізінің өткен тарихы мен материалдық рухани байлықтарды жинақтау ,сақтау және көпшілікке насихаттау.