"Археология және этнография" ғылыми-зерттеу бөлімі қызметі"Археология және этнография" ғылыми-зерттеу бөлімі археологиялық және этнографиялық зерттеулер жүргізу, музейдің ғылыми қорындағы құнды экспонаттарға сараптаулар жасап, оларды хаттап-құжаттау, археология және этнография тақырыптарына сай түрлі көрме экспозицияларын жасақтаумен айналысады. Сонымен қатар, археологиялық және этнографиялық экспедициялар ұйымдастырып, облыс аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерге жүргізілетін қазба жұмыстарына қатысып, археологиялық олжаларды тіркеу жұмыстарымен айналысады. Сонымен қатар, этнография саласы бойынша ғылыми ізденістер жүргізу, жинақталған деректерді сұрыптау және нақты тұжырымдар жасау, оларды музей қорына тапсыру, облыс аумағындағы "Сыр өңірі бойынша далалық экспедиция және эмпирикалық зерттеулер" тақырыбында этнографиялық экспедицияларды ұйымдастыру, түрліше тақырыптарға көрмелер мен экспозицияларды жасақтау, мәдени шаралар мен тағылымдық сабақтар өткізу - басты жұмыстың бірі болып табылады. Этнограф ғалымдармен, қолөнер шеберлерімен кездесулер ұйымдастырып, ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізеді. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында бөлім қызметіне қатысты тақырыптарда ғылыми мақалалар жазу, сұхбаттар беру, қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын насихаттау мақсатында жергілікті телеарналармен біріккен түрде тележобалар ұйымдастыру бөлім жұмысын одан әрі толықтыра түседі."Археология және этнография" ғылыми-зерттеу бөлімі көрмелік жұмыстар бойынша да экскурсанттарға толыққанды ақпаратты жеткізу функциясын жүзеге асырады. Археологиялық және этнографиялық жәдігерлерді экскурсанттар назарына ұсына отырып, олардың тарихқа деген қызығушылығын ояту, ұлттық құндылықтарды насихаттау, жәдігерлердің маңызын түсіндіру және халықтың рухани мәдениетін арттыру.
Бөлім қызметкерлеріоблыс аумағы бойынша этнографиялық-фольклорлық экспедициялар ұйымдастырып, музей қорын толықтырып келеді. Облыс аумағындағы ежелгі және ортағасырлық қалашықтарға (Шірік-Рабат, Кескен-Күйік, Жанкент, Асанас, Сортөбе, Қышқала, Сығанақ) жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарына қатысып, археологиялық фиксациялық жұмыстарға қатысып келеді. Қазіргі таңда "Археология және этнография" бөлімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектеп туризмін жаңғырту мақсатында "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы бойынша Қызылорда облысындағы жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енген тарихи-мәдени ескерткіштерге "SACRAL ТУР" тарихи-танымдық экскурсиялар ұйымдастырып келеді. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының «Тарихи сананы жаңғырту» тарауы бойынша қала жастарын ауылдың тұрмыс-тіршілігімен, негізгі кәсібі - мал шаруашылығымен, атқа міну мәдениетімен таныстыру, қазақ халқының ауыл шаруашылығына байланысты ұмыт қалған көне сөздерді бала жадында жаңғырту, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау мақсатында «VILLAGE LIFE» жобасын жүзеге асырып келеді.Елбасының «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялауы және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы бойынша "Археология және этнография" бөлімі қазіргі таңда құнды және қолданыстан шықпаған дүниелерге (материалдық және материалдық емес) музей қызметкері көзімен қарап, экспонат ретінде өткізуге мектеп оқушылары арасында «БОЛАШАҚ ЭКСПОНАТ» видеожобасын іске асырып келеді. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің You tube желісіне жүктелген видео халық үшін тарихи ақпарат көзіне айналып отыр. Алтын Орданың 750 жылдығына орай бөлім қызметкерлері "АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МИКРОӘЛЕМ" атты тимбилдинг ұйымдастырып, жас өрендердің археологиялық олжаларды микроскоппен көруіне, ғылми-зерттеу жұмыстарына қатысуына мүмкіндіктер беріп келеді.Елбасының "Рухани жаңғыру" және Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында археологиялық және этнографиялық экспонаттарды халыққа насихаттаудың технологиялық әдісін пайдалана отырып, жергілікті "Qogam TV" телеарнасы арқылы насихатталатын «АСЫЛ МҰРА» тележобасынұйымдастырды (2020 жыл). - Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында музей журналистикасын дамыту, музей тынысымен бөлісу, тарих жанашырлары және музей достарымен сұхбат жүргізу мақсатында видео және аудио форматта ("подкаст" аудиобағдарламасы көмегімен)көруге мүмкіндік беретін теле-радиохабарлардан тұратын "МУЗЕЙ РАДИОСЫ" музейлік жобасын ұйымдастыруда (2021 жыл).Бөлім қызметкерлері облыстық телеарнамен байланыс жасап, "Қазақстан-Қызылорда" телеарнасының "Таңғажайып табиғат", "Жаңа күн","Қызылорда музейлері", "Үш таған" бағдарламаларында музей қызметі туралы сұхбаттар беріп, музей қорындағы құнды дүниелер тарихымен бөлісіп келеді. Республикалық "Мир", жергілікті Қоғам ТВ телеарналарымен тығыз байланыстар орнатып келеді.