Өлке тарихы бөлімі
"Өлке тарихы" ғылыми-зерттеу бөлімінің негізгі қызметі ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады. Бөлімнің мақсаты музей қорын өлке тарихы мен мәдениетіне қатысты құнды экспонаттармен толықтыру, экспонаттарды зерттеу және осы сала бойынша ғылыми-ағартушылық жұмыстарын жүргізу.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары: Ғылыми-зерттеу жұмыстары төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі.
– музей қорындағы құнды экспонаттарды зерттеу;
– музейдің ғылыми концепцияларын өңдеу;
– музей қорындағы экспонаттарға ғылыми сипаттама беру, музей коллекциясының қол жетімділігін арттыру үшін цифрлық мәліметтерге айналдыру мақсатында "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында "АС-Музей" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы ғылыми зерделеу және тиімді пайдалану мақсатында жұмыстар жүргізу.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша қызметкерлердің ғылыми мақалалары ғылыми-тәжірибелік, ғылыми-танымдық конференциялардың жинағы, БАҚ құралдарында жарияланып отырады. Сонымен бірге экспонаттардың каталогтарын шығарумен айналысады.

Экспедициялық жұмыстар: Бөлім қызметкерлері жыл сайын облыс аумағындағы өлке тарихы мен мәдениетіне қатысты музейлік маңызы бар жәдігерлерді жинақтау жұмыстарымен айналысады.

Ғылыми-ағартушылық жұмыстары: Бөлім қызметкерлері ғылыми-ағарту, білім беру мекемелерінде арнайы өлке тарихы мен мәдениетіне қатысты танымдық лекциялар, ашық сабақтар, кеңестер, жылжымалы көрмелер, дөңгелек үстелдер, ғылыми конференциялар мен семинарлар өткізу.

Көрмелік жұмыстар: Бөлім қызметкерлері өлке тарихы мен мәдениетіне қатысты тарихи-танымдық көрмелердің тұжырымдамаларын жасап, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді.

Жинақтау жұмыстары: Музейлік маңызы бар жаңа құнды экспонаттарды жинап, ғылыми-зерттеу экспедицияларының нәтижесінде жинақталған экспонаттарға зерттеулер жасап, оларды ғылыми айналысқа енгізу. Ғылыми экспедициялар мен іссапарлар ұйымдастыру

Жобалар: Қазіргі таңда жас ұрпаққа ХХІ ғасыр деңгейінде жан-жақты білім беру күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Осы орайда, "Жас өлкетанушы" ғылыми-білім жобасы арқылы қаладағы оқу білім беру мекемелерінің ынталы жастарымен жас зерттеушілерін өлкеміздің тарихына ғылымға баулуға, ұлттық мәдени-тарихи құндылықтарды насихаттауды қолға алуға, жастардың музейге деген қызығушылығын арттыруға насихаттау. Яғни, жас зерттеушілер Қызылорда облысы тұрғындары арасынан, ел тарихы мен мәдениетіне қатысты музейлік маңызы бар құнды жәдігерлерді жинақтап, экспонатқа ғылыми сипаттама жасайды, зерттеген экспонаты жайлы толық ғылыми тұрғыда мағлұмат береді.
"Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы бойынша Қызылорда облысындағы жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енген тарихи-мәдени ескерткіштерге "SACRAL ТУР" тарихи-танымдық экскурсиялар ұйымдастырылып келеді.
Қызылорда облысында әр сала бойынша еңбек еткен танымал тұлғалардың ел үшін жасаған еңбегі мен қызметін баяндайтын алғаш рет «Музей энциклопедиясы» жобасы жұртшылық назарына ұсынылып келеді. Музей қорында жинақталған, тың, зерттелмеген 1975-1985 жылдар аралығындағы оқу-ағарту, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет салалары бойынша құнды материалдарды насихаттау, әлеуметтік желілер арқылы ақпараттандыру.
"Бұл үйде кім тұрған" танымдық жобасы. Қызылорда қаласы 1925-1929 жылдар аралығында бүкіл Қазақ АКСР-нің астанасы болды. Астана болып жарияланғаннан кейін Сыр еліне қазақ зиялылары ағылып келе бастады (Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов және т.б). Сол уақытта Сыр елінде жұмыс жасаған қазақ Кеңес әдебиеті майталмандарының, Кеңес Үкіметі тұсында облыс бойынша қызмет еткен Социалистік Еңбек Ерлері, мәдениет және өнер қайраткерлері, мемлекет және қоғам қайраткерлері(Е.Әуелбеков, Ғ.Мұхамеджанов, Т.Есетов т.б) тұрған үйлері қазіргі таңда анықталып, ескерткіш тақталары орнатылған. Дегенмен, тарихтың бұл беттері туралы бірі білсе, бірі біле бермейді. Аталмыш жоба жылдар өте келе ажарын жоғалтып бара жатқан атақты тұлғалардың есімдерімен байланысты тұрғын үйлердін тарихын және оған қатысты тұлғаның өмір дерегін, атқарған қызметін насихаттауды көздейді.