Н.Бекежанов мемориалдық өнер музейі
Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музейі сегіз қырлы, бір сырлы, ақиық ақын, талантты композитор, күміс көмей әнші, замана бұлбұлы Нартай Бекежановтың өмірі мен шығармашылық жетістіктеріне арналған. Нартай музейі Қызылорда облыстық атқару комитетiнің 1990 жылғы № 23 қаулысына сәйкес 1993 жылы 25 қазанында негiзi ретiнде құрылды. Музей қабырғасы целикат қышынан өріліп, екi қабатты, екi күмбездi шығыс үлгісімен салынған. Музейдің жалпы көлемi 384,1 шаршы метр.
Көлемі 296,1 шаршы метрден асатын экспозициялық алаңға 4 зал орналасқан
Жалпы қорда - 15947экспонат, негізгі - 9446, көмекші -6501 экспонат тіркелген.
Зал «Шапағаты мол жылдар», 2- зал“Панорама”, 3- зал «Нартайдың жеткен жетістіктері», 4-Зал «Нартайдың қара шаңырағы».
Н.Бекежановтың құжаттары мен фотосуреттері, өнер жолындағы ізбасарларының суреттері мен құжаттары музей залдарына қойылған. Киіз үй ішіндетүкті және тақыр кілемдер, түскиіздер, қоржындар мен кесеқаптар тұр. Келушілер саны – 1993 - 2023 жыл аралығында 80 мың адам.