Музей конференция, презентация, брифингтер өткізуге мүмкіншілігі бар жақсы жабдықталған мәдени орын болып табылады
Музей экспозициясы мен көрмелері бойынша жалпы және тақырыптық экскурсиялар жүргізеді
Халықтың әртүрлі топтарына облыстың тарихы жайлы кеңестер береді
Мекемелерде, оқу орындарында өлке тарихы жайлы жылжымалы көрмелер мен лекциялар ұйымдастырылады
Мекемелерде, кәсіпорындарда, оқу орындары мен мектептерде жұмыс жасайтын музейлерге жан-жақты ғылыми-әдістемелік көмек көрсетеді

Тарихи оқиғаларға қатысушылармен, ғылым және мәдениет өкілдерімен музейге келушілер арасында кездесулер ұйымдастырады
Көркемдік және сәндік-қолданбалы өнер туындыларын бағалауға көмектеседі
Жұртшылықтың қызығушылығын туғызатын музей өміріндегі маңызды оқиғаларды: жаңа экспозицияның және көрменің ашылуы, музей коллекциясының толықтырылуы, ғылыми экспедициялардың нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарына жариялап отырады