Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі

Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі Шиелі ауданы әкімінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы №935 қаулысына сәйкес құрылып, ҚР ӘМ Қызылорда облысы әділет департаментінің Шиелі ауданының әділет басқармасының 2017 жылғы 4 қаңтардағы №1 бұйрығымен тіркелген.
Музей 2017 жылдан бастам жұмыс жасап келеді. Музей ғимараты қыш кірпіштен 2012 жылы салынған. Бір қабатты ғимарат.
Бүгінгі таңда музей қызметкерлері ауданымыздың рухани байлығын, асыл жәдігерлерін, қазыналарын жинақтап, ғылыми зерттеу, ғылыми жинақтау, есепке алу және сақтау, насихаттау қызметтерін жүзеге асыруда. Сонымен қатар, музей қорын құнды экспонаттармен толықтыру, зал экспозицияларын жаңғырту, ғылыми қызметкерлердің
біліктілігін арттыру, жаңа технологиялық үлгілерді енгізу, мәдени, білім беру және ғылыми-зерттеу функцияларды жүзеге асыруда.
Музей қорын қамтитын сонау көне замандардан қазірге дейінгі өлке тарихынан мағлұмат беретін, халқымыздың материалдық және рухани мәдениетінің құндылықтарын паш ететін түрлі мазмұндағы коллекциялар көрермендерге Шиелі ауданының ежелгі, ортағасыр, жаңа және қазіргі заман тарихы мен мәдениетінен сыр шертеді.Олар музейдің негізгі бағытын, саласын, ерекшелігін көрсетеді.
Музейдің негізгі мақсатты жұмыстарының бірі музей қорын экспонаттармен толықтыру болатын болса, өлкеміздің тарихы, археологиясы мен этнографиясы, мәдениет, ауылшаруашылығы, білім ж»не т.б. салалары бойынша қазіргі таңда 3000-ға жуық жәдігерлер жинақталған. Олардың ішіндегі ең құнды коллекциялардың бірі Сырдария өзенінің орта ағысындағы ортағасырлық қалаларда жүргізілген барлау және археологиялық қазбалар кезінде табылған керамикалық қыш құмыралар құрайтын археологиялық коллекция.