Экспозициялық және көрмелік қызмет көрсету бөлімі

Бөлім музей экспозициясының тарихи-хронологиялық, кешенді-тақырыптық, өзектілік принциптері бойынша орналасуына жауап береді. Экспозиция материалдарын топтау жұмыстарымен айналысады. Экспозициядағы ғылыми-көмекші материалдарға: этикетаж, мәтіндерді орналастыруға және олардың экспозициядағы роліне жауап береді. Музей қорындағы жиналған коллекцияларды ашу мақсатында музей көрмесін жобалап, тақырыптық арнаулы күндерге арналған көрмелерді жабдықтап, көрермен назарына ұсынады. Бөлім қызметі - музей коллекцияларының түсірілім және суретке түсіру кезінде қолжетімділігін қамтамасыз ету, музей коллекцияларының көшірмелерін басып шығару, музейдің көрме және баспа жобаларын ақпараттық қамтамасыз ету, демеушілермен және қорлармен жұмыс істеу болып табылады.

Бөлім жұмысының негізгі бағыттары:
  • мекемелердің, жеке коллекциялардың, соның ішінде Қазақстандағы басқа музей қорларының коллекциялары негізінде көрме жобаларын ұйымдастыру және қатысу;
  • уақытша көшпелі көрмелерді ұйымдастыру және Қазақстандағы барлық музейлермен бірлескен жобаларға қатысу;
  • көрмелерді ұйымдастыру мен өткізуде музейдің мекемелермен, шығармашылық одақтармен, жеке тұлғалармен өзара іс-қимылын құжаттамалық қамтамасыз етуді;
  • музейдің көрмелік қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауға қатысу, музейдегі көрме жобалары мен іс-шараларын дайындау және жүзеге асыру үшін әртүрлі музей қызметтерінүйлестіру