КӨЗЕЙБАЕВ САПАР ӘЛИЯСҚАРҰЛЫ
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры
1974 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
1996 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Тарих» факультетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
1997-1999 жылдары Қызылорда қаласындағы № 7 орта мектептің тарих пәнінің оқытушысы;
1999-2002 жылдары Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсиялық-көпшілік бөлімінің аға ғылыми қызметкері;
2002-2009 жылдары Қорқыт ата музейінің меңгерушісі;
2009-2014 жылдары «Алиякбар ата Агро» шаруа қожалығының төрағасы;
2014-2019 жылдары Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің басшысы;
2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі» РМҚК директорының міндетін атқарушы;
2020 жылғы 15 қыркүйектен бастап Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры.
АХМЕТОВА ЖАННАТ ДӘУРЕНҚЫЗЫ
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары
1965 жылы 8 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
1988 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімімамандығы бойынша бітірген.
1988-1990 жылдары Сырдария ауданындағы №143 орта мектептің мұғалімі;
1990-1996 жылдарыҚызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы;
1996-2002жылдары Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің өлке тарихы бөлімінің меңгерушісі;
2002-2011 жылдары Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсиялық-көпшілік және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі;
2011 жылдың наурыз айынан бастап Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары.
CАЙЛАУ АСХАТ ҚОЖАКЕЛДІҰЛЫ
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғалым хатшысы
1984 жылдың 4 тамызында дүниеге келген.
2002-2007 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Археология, этнология» мамандығы бойынша бітірген.
2007-2008 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде тарих ғылымдары бойынша магистрі;
2008-2012 жылдарыҚызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Өлке тарихы» ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі;
2012-2018 жылдары Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі;
2018 жылдан бастап Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғалым хатшысы.