Музей Қазалы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 8 тамыздағы № 282 қаулысымен құрылып, 2018 жылдың 22-наурызында ашылды. Ғимараттың жалпы аумағы 265 шаршы метр, музей экспозициясы 183,1 кв. шаршы метрді алып жатқан 3 залға орналасқан.
Музей ғимараты қызыл кірпіштен салынған, бір қабатты.
Музей экспозициясы төмендегідей үш залған жасақталған.
Өлкетану және Этнография залы. Табиғат бөлімінде ауданның жер бедері, ауа - райы, емдік қасиеті бар шөптесін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жөнінде баяндалады. Этнография залында қазақтың киіз үйі, ұлттық киімдер, шеберлердің қолынан шыққан ер—тұрмандар, зергерлік бұйымдар, ат әбзелдері, қару – жарақтар, ағаш ыдыстар мен мал терісінен жасалған бұйымдар қойылған.
Тұлғалар залы. Аудан тарихының құрылуынан бастап, елді басқарған басшылардың және әр салада қызмет атқарған тұлғалардың фото-суреттері, құжаттары қойылған. Сонымен қатар мемлекет қайраткерлері, ақын – жазушыларымыз , Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысының ардагерлері мен еңбек ерлері, қуғын – сүргін құрбандары туралы мұралар өлкемізді тануға негізделген.
Тәуелсіздік залы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері, ірі тарихи маңызы бар оқиға – Ата заңымыздың т.б. құжаттардың қабылдануы, Астананың Ақмолаға көшірілуі, әлемдік ұйымдармен келісім және мүшеліктер, Тәуелсіздік жылдарынан бергі өз өнімдерін халыққа ұсынып отырған кәсіпкерлердің жеткен жетістіктері, өндірген өнімдері туралы мәліметтер музей экспозициясында орналасқан.
2019 жылдың ақпан айынан бастап, облыс әкімінің №1301 санды қаулысының негізінде «Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК-ның «Қазалы аудандық тарихи-өлкетану музейі» филиалы болып қайта құрылды.