Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі 1978 жылдан 1982 жылға дейін облыстық тарихи-өлкетану музейінің Шиелі ауданындағы филиалы негізінде құрылып, Қазақ ССР Министрлер кеңесінің №150-р қаулысымен 30 сәуір 1982 жылғы және Қазақ ССР Мәдениет Министрінің 13 мамыр 1982 жылғы № 167 бұйрығына сәйкес, Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі болып ашылды. 2019 жылдың ақпан айынан бастап, облыс әкімінің 28 желтоқсан 2018 жылғы №1301 санды Қаулысының негізінде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі филиалы болып құрылды.«Сыр өңіріндегі күріштің даму тарихы» Күріш ерте заманнан келе жатқан ауыл шаруашылық дақылы. Шыққан жері дәл анықталмаған.
Н.И.Вавиловтың және басқа да ғалымдардың пікірі бойынша бұдан мыңдаған жылдар бұрын Үндістанда күріш өсіру пайда болған. Закавказье, Орта Азия және Қазақстан территорияларында күріш өсіру б.э.бұрын ІІІ-І ғасырларда пайда болған. Бұл өңірде ертеден күріш өсіргендігін археологиялық қазбалардан, қазақтардың арғы тегі түріктердің жазба нұсқаларымен сөздік лексикаларындағы «Тұтырған» - күріш деген сөзі Махмұд Қашқаридің атақты сөздігінде жазылған.
Қазан төңкерісіне дейін Орта Азия Қазақстанда күріш өсіру диқаншылығы біздің заманымызға дейін ІІІ-І ғасырларда дамыған. ХІХ ғасырдың аяғында Сыр бойында тұрақты күріш өсіру Шиеліде басталды, кейіннен облыс көлеміне тарады. Күріш Сыр өңірінде б.з.д ІІІ-І ғысырларда Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы суармалы жерлер Қуандария, Іңкәрдария, Жаңадария өзендері бойында пайда болғандығы жайлы баяндалған.
«Ы.Жақаев және оның ұрпақтары» Ы.Жақаев қоғам қайраткері, халқының қалаулысы болғандығы және шет елдерде сапары, өмірінің соңына дейінгі еңбек жолдары, 1964 жылы облыс жастарына жазған Үндеу хаты, осы хат негізінде Жахаевшылар қозғалысының басталу кезеңі экспозицияланған.
Ы.Жақаев атамыз Қарғалы деген елді мекенде кедей шаруа отбасында туылған. Қазан төңкерісінен кейін қазақ ауылын кеңестендіру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісіне белсене араласты. 1929 жылы «Қызылту» колхозына мүше болып кіріп, оның алғашқы басшыларының бірі болғандығы көрсетілген.
«Ыбырай ізбасарлар» Ы.Жақаевтың облыс көлеміндегі ізбасарлары және аудан көлемінен шыққан еңбек майталмандарының еңбек жетістіктері, Жақаевшыл жастардың екпінді еңбегі экспозицияланған.
Қызықты оқиғалар: 2015 жыл Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұллтық музейінен сол кездегі аудан әкімі қолдауымен және музей меңгерушісі Құттықыз Ыханованың басшылығымен «Алтын адам» реконструкциясының біздің музейге көшпелі көрме ретінде әкелініп Шиелі ауданы халқына таныстырылуы және 2020 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған «Рухани қазына - 2020» республикалық байқауында «Үздік ауылдық маңызы бар мемлекеттік музей» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.