«АРХЕОЛОГИЯ» залы
Сыр өңірі тарихи-мәдени ескерткіштерге өте бай. Қазіргі уақытта 500-ден астам тарихи ескерткіш мемлекет тізіміне алынған. Олардың көбісі археологиялық ескерткіш кешендер. Атап айтқанда неолит, кейінгі қола, ерте темір дәуірі және ортағасырлармен мерзім-деледі. Сондықтан Сыр өңірін дала өркениетінің түпнегізі деп айтуға болады. Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің экспози-циясында жоғарыда аталған дәуірлердегі археологиялық ескерткіш кешендер, орналастырылған. Экспозиция 4 дәуірді қамтиды.
төменгі ағысында орналасқан Шірік-рабат, Баланды қалашықтары туралы мәліметтер қамтылған.

  1. Неолит, энеолит дәуірі(б.з.д. ІҮ-ІІІ мж). Солтүстік Арал маңы ескерткіштер Сексеуіл І, ІІ тұрақтары, Құмсай, Көнту, Жалғыз ағым тұрақтары қамтылған.
  2. 2. Кейінгі қола дәуірі (б.з.д. ІХ-ҮІІІ ғғ.). Бұл дәуірге жататын ескерткіштер Солтүстік Түгіскен, Бағаналы, Тапа қорымдары қамтылған.
  3. Ерте темір дәуірі(б.з.д. ҮІІ-ҮІ ғғ.). Бұл кезеңмен мерзімделетін ескерткіштер Оңтүстік Түгіскен, Ұйғарақ қорымдары туралы мәлімет беріледі.
Сақ өркениеті тақырыбында біздің заманымызға дейінгі ІҮ-ІІ ғғ. қамтитын Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан Шірік-рабат, Баланды қалашықтары туралы мәліметтер қамтылған.
Жетіасар мәдениеті тақырыбында б.з.д. І мыңжылдықтың аяғы б.з. І мыңжылдығында өмір сүрген Жетіасар археологиялық ескерткіш кешеніндегі (Алтынасар, Бидайық асар, Қосасар) нысандар жайлы мәліметтер берілген.